Қырғызстанда алапат сел 10 жасар баланың өмірін қиды

тасқын су
Фото: видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанның Жалал-Абад облысының ауылдарында сел салдарынан 300 үйдің тұрғыны эвакуацияланды, деп хабарлайды 24.kg.

Елдің ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бір күн бұрын сағат 17.30-да Ноокен ауданына қарасты Ескі-Қошқор-Ата, Бостон ауылдарында қатты жаңбырдан кейін лай көшкіні түскен. 

Құтқарушылар, полицейлер, жедел жәрдем бригадалары, азаматтық қорғау қызметкерлері оның салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Табиғи апаттан 10 жасар бала қаза тапты.

Жергілікті тұрғындар оның денесін кеше сағат 19.10-да тапты.

Соңғы жаңалықтар
telegram