Қырғызстанда алимент пен қарыз енді нотариус арқылы өндіріледі
АСТАНА. KAZINFORM - Ел парламенті үшінші оқылымда кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алиментті келіспеушілік болмаған жағдайда нотариустар арқылы өндіріп алуға мүмкіндік беретін нотариаттық қызмет туралы заңнамаға түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Жақында ел парламенті нотариат қызметіне қатысты заңнамаға түзетулерді үшінші оқылымда қабылдады. Бұл түзетулер кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алиментті, егер екі тараптан дау болмаса, нотариустардың бұйрығы арқылы өндіріп алуға мүмкіндік береді.
Алимент мөлшері ай сайын былайша белгіленеді:
бір балаға – ата-ана табысының ¼ бөлігі,
екі балаға – ⅓ бөлігі,
үш және одан көп балаға – табыстың жартысы.
Еңбекке қабілетті ата-аналар үшін кәмелетке толмаған балаларға төленетін алименттің ең төменгі мөлшері ай сайын кемінде мынандай болуға тиіс:
бір балаға – бір ең төменгі жалақы (ЖТМ);
екі балаға – 1,5 ЖТМ;
үш және одан да көп балаға – 2 ЖТМ.
Бекітілген ақшалай мөлшерде алимент өндірілетін жағдайлар бұл ережеден тыс қарастырылады.
Сонымен қатар, коммуналдық төлемдер бойынша қарыз алты айдан аса уақыт төленбесе, оларды да нотариус арқылы өндіріп алу мүмкіндігі қарастырылған.
Өтініштер борышкердің немесе өтініш берушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша нотариуске беріледі.
Бұл жаңашылдықтар сот процесінсіз, оңайлатылған тәртіппен белгілі бір талаптарды өндіруге жол ашады.
Айта кетелік Қырғызстанда ойынға тәуелді балалар қаншалықты жиі кездесетіні туралы жазған едік.