Қырғызстанда әскери қызметкерлердің жалақысы көтеріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда 1 шілдеден бастап күш құрылымдары офицерлерінің жалақысы көтеріледі, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Қырғызстанда әскери қызметкерлердің жалақысы көтеріледі
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне сөз сөйлеуі кезінде айтты.

Қырғызстан басшысының айтуынша, 1 шілдеден бастап күш құрылымдары офицерлерінің жалақысы орта есеппен 35%-ға артады, ал 1 қарашадан бастап келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің жалақысы осыншама өседі. 

— Биылғы жылдың басынан әскери қызметкерлердің отбасылары қоғамда өздерін сенімді әрі абыройлы сезінуі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы, сондай-ақ уақытша тұрғын үйді жалға алғаны үшін ақшалай өтемақы мөлшері арттырылды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күш құрылымдары қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 35 пайызға артады, ал 1 қарашадан бастап келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілердің жалақысы да осыншама мөлшерде өседі, — деді ол.

Бұған дейін Қырғызстанда арнайы инвестициялық аумақ құрылатынын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар