Қырғызстанда бір аптада 11,5 мың адам тұмау жұқтырған

Қырғызстанда бір апта ішінде тұмау жұқтырған 11,5 мың адам және COVID-19-ға шалдыққан 2 адам тіркелді. Аурулардың алдын алу және мемлекеттік эпидемиялық бақылау департаменті елдегі эпидемиялық ахуал туралы айтып берді.

тұмау
Фото: kabar.kg

Kazinform бұл туралы Kabar.kg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың дерегі бойынша, 2023 жылғы 11-17 желтоқсан аралығында республикада 11 575 тұмау мен ЖРВИ тіркелген, өткен аптамен салыстырғандағы өсім - 43,4%. Былтырғы жылмен салыстырғанда маусымдық вирус жұқтырғандар төрт есе азайғаны байқалады.

Өткен аптада Бішкек пен Шу облысында COVID-19 жұқтырған 2 адам тіркелді.

Республикада тұмау, ЖРВИ мен COVID-19 эпидемиялық ахуалына мониторинг жасау және бағалау жұмыстары жалғасып жатыр.