Қырғызстанда бір мандатты округтер бойынша депутаттар сайлауын өткізбеуді ұсынып отыр
БІШЕКЕ. KAZINFORM – Бұл туралы Парламент Мәжілісінің вице-спикері Нұрбек Садығалиев бастамашы болып, қоғамдық талқылауға ұсынылған заң жобасында айтылған, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Қырғызстанда Жогорку Кенештің 36 депутаты мажоритарлық жүйе бойынша бір мандатты округтерден сайланады.
Заңнамада қарастырылғандай, сәйкес сайлау округтерінен шығып қалғандардың орнына бір мандатты сайлау округтері бойынша депутаттардың сайлауын ел президенті тағайындайды және оны бос депутаттық мандат пайда болғаннан кейін екі ай ішінде орталық сайлау комиссиясы өткізеді. Сайлауды қайта өткізу үшін республикалық бюджеттен қомақты ақша жұмсалады.
Парламент депутаттарын сайлау кезінде республикалық бюджет қаражатын оңтайлы пайдалануға бағытталған түзетулерге сәйкес, пропорционалдық жүйені қолдана отырып, бір сайлау округінде Жогорку Кенештің 90 парламентарийінің сайлауын өткізу ұсынылған.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың қарашасында Қырғызстанда 33 қалалық және 231 ауылдық кеңес депутаттарының сайлауы өтті.