Қырғызстанда депутаттарға талап күшейтілмек

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстанда мәслихат депуттартарына қатысты жаңа заң жобасы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Kazinform-ның меншікті тілшісі.

Қызғызстан
Фото: gov.kg

Заң жобасы сайлау құқығы нормаларын жетілдіру және азаматтардың белсенді сайлау құқығын жүзеге асыру тетіктерін құру мақсатында әзірленген.

Енгізілетін өзгерістерге сәйкес, жергілікті кеңеш депутатының (мәслихат - авт) өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға оның бір жыл ішінде жергілікті кеңеш отырысына дәлелді себепсіз екі реттен артық қатыспауы негіз болуы мүмкін.

Түзетулер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жоғары білімі бар жергілікті қоғамдастық депутатын сайлауға құқығы бар қалалық кеңес төрағасына қосымша талапты белгілейді. Бұл шешім жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне білікті өкілдік пен кәсіби тұрғыдан қарауды қамтамасыз етуге бағытталған. Жергiлiктi кеңештердің өкiлдi орган төрағасының белгiлi бiр кәсiби бiлiмiнiң болуы оның өз мiндеттерiн тиiмдi атқаруына мүмкiндiк бередi.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың 17 қарашасында Қырғызстанда жергілікті кеңештер, сондай-ақ Бішкек пен Ош қалаларының депутаттарын сайлау өтеді. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 17 қарашада өтетін жергілікті кеңес депутаттарының сайлауына байланысты халыққа үндеу жолдады. 

Бұған дейін Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамчыбек Ташиев жергілікті кеңештер депутаттығына үміткерлердің әрқайсысының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар-жоғын мұқият тексеруді тапсырды. 

Қырғызстанда 18 қазанда 33 қалада жергілікті кеңештер депутаттарын сайлауға қатысты сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. 

Соңғы жаңалықтар