Қырғызстанда ел астанасын ауыстыру мәселесі көтерілді

БІШКЕК. KAZINFORM – Жогорку Кенеш отырысында Бішкектегі кептеліс мәселесін шешу үшін ел астанасын көшіру ұсынылды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

 Қырғызстанда ел астанасын ауыстыру мәселесі көтерілді
Фото: Кабар

Депутат Бақытбек Мариповтың айтуынша, ел астанасында екібасты әкім болса да, түтін мен көлік кептелісі мәселесі шешілмейді.

- Мен астанамызды басқа жерге көшіруді ұсынамын. Бұл мәселені қарастыру керек. Ыстықкөл облысында Асман қаласы салынып жатыр, оған 10 млрд сом инвестиция тартылды. Темір жолды қаланың сыртына көшіру үшін 550 млн доллар, ал айналма жол салу үшін 1 млрд доллардан астам қаражат қажет. Егер астананы, министрлер кабинетін қала сыртына көшірсе, кептеліс мәселесі шешіледі, - деп бөлісті пікірімен депутат.

Осыған дейін Қырғызстанда дін туралы заңға қол қойылғаны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар