Қырғызстанда ел туын өзгертуге қатысты заң жобасы қабылданды

Қырғызстан парламентінің бейінді комитеті ел туын өзгерту туралы заң жобасын мақұлдады
Фото: pixabay

Жогорку Кенеш отырысында депутаттар ел туын өзгерту туралы заң жобасын екінші және үшінші оқылымда қабылдады. Kazinform бұл туралы Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Заң жобасын 59 депутат қолдаса, тағы бесеуі оған қарсы дауыс берді.

Қырғыз Республикасының мемлекеттік символын өзгерту ұсынысын – спикер Нурланбек Шакиев пен депутат Улан Примов жасаған болатын. Олардың сөзінше, қазір тудың ортасындағы күн сәулесі мен түндік түрліше қабылданады. Біреулер оны күнбағысқа ұқсатса, енді бірі киіз үй бөлігі ретінде көреді.

Дауыс беруден кейін палата төрағасы әріптестерін туға түзетудің енгізілуімен құттықтады.

Мәлім етілгендей, заң жобасы Қырғыз Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі – Қырғыз Республикасының туын жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, тудағы толқын тәрізді сәулелердің пішінін түзу сызықтарға өзгерту ұсынылған. Ел президенті Садыр Жапаров бұл бастаманы қолдайтынын білдірген еді. 

Қырғыз халқы мемлекеттік рәмізді өзгертуге қарсы наразылық акциясын өткізгенін де айта кетейік. 

Соңғы жаңалықтар