Қырғызстанда электромобильдер саны күрт артты

АСТАНА.KAZINFORM - 2025 жылдың соңына қарай Қырғызстан аумағында 15 278 электромобиль тіркелген. Бұл елдегі барлық автокөліктің 0,8 пайызына тең. Мәліметті Қырғыз Республикасынын Жаратылыш ресурстары министрлігі жариялады.

электромобиль
Фото: freepik

Қырғызстанның Кабар агенттігінің министрлік мәліметтреіне сілтеме жасап хабарлауынша, соңғы жылдары электромобильдер саны тұрақты өсім көрсетіп келеді.

Салыстырмалы көрсеткіштер:

  • 2022 жылы — 1113 электромобиль;
  • 2023 жылы — 2310;
  • 2024 жылы — 3122.

Тек 2025 жылдың өзінде олардың саны 9 870-ке артқан. Бұл экологиялық таза көлікке сұраныстың айтарлықтай күшейгенін көрсетеді.

Осыған дейін Қырғызстанда алғаш рет аспалы жол ашылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум