Қырғызстанда Еуро-5 стандартына сай отын өндіру жоспарланып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда «Джунда» мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың келесі кезеңі басталды. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі хабарлайды.

Кыргызстан готовится к выпуску топлива стандарта Евро-5
Фото: Magnific

Қырғыз Республикасының ұлттық инвестициялар агенттігі Қытайдың «Орталық Азия энергетикалық компаниясымен» қосымша келісімге қол қойды.

Аталған құжат Қара-Балта қаласындағы «Джунда» мұнай өңдеу зауытын жан-жақты дамытудың жаңа кезеңін бастауға негіз болады. Жаңғырту нәтижесінде зауытта Еуро-5 стандартына сай отын өндіру көзделіп отыр.

Өндірістік құрылымды жандандыру мұнай өнімдерінің көлемін арттырып, сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл бастама отандық мұнай өңдеу саласының әлеуетін күшейтіп, өндірістік кооперацияны кеңейтуге және осы саламен байланысты сектордың дамуына септігін тигізеді. Бұдан бөлек, жаңа жұмыс орындары ашылып, экономикалық белсенділікті арттыруға қосымша жағдай жасалады.

Бұған дейін Қырғызстанда жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру үшін мемлекет шамамен 1 млрд сом көлемінде субсидия бөлгені хабарланған болатын.

Ал мамыр айының соңында Қырғызстан Үкіметі жанар-жағармай импорттаушыларға уақытша субсидия беру және ішкі нарықтағы отын бағасын мемлекеттік реттеу тетігін енгізген еді.

Ақзат Жиеналина