Қырғызстанда қаза болған балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді

Қырғызстандағы селден қаза тапқан балалар
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - Қырғызстандағы Ош облысының Ноокат ауданында селден қаза болған ауыл тұрғындары мен туристер арасында Шығыс Қазақстанның 4 баласы бар.

Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған. Туристік аймақта жүрген сел шығысқазақстандықтардың өмірін қиып кетті.

Қырғызстандағы селден қаза тапқан балалар
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Қырғызстандағы селден қаза тапқан балалар
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін балалардың денелерін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді. Өңір әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған барлық қызметтердің мамандары жұмылдырылды.

Қырғызстандағы селден қаза тапқан балалар
Фото: ҚШО әкімінің баспасөз қызметі

- Аймақ басшысы Ермек Көшербаев марқұмдардың туыстарымен кездесті. Осы қиын күндерде жергілікті атқарушы органдар мен мешіт қызметкерлері жерлеу рәсімін өткізуді өз мойындарына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Әкімдік қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қайғылы оқиғаға байланысты балалардың туыстарына көңіл айтты, - делінген ақпаратта.

Қырғызстандағы селден қаза тапқан балалар
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Осыған дейін Қырғызстанда жойқын селдің салдарынан қазақстандық балалардың құрбан болғанын жаздық.

Қырғызстандағы селден қаза тапқан балалар
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар
telegram