Қырғызстанда қазақстандық сноубордшы көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM – «Каракол» тау шаңғы базасында қазақстандық азамат қаза тапты. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады. 

Қырғызстанда қазақстандық сноубордшы көз жұмды
Фото: Фестиваль ұйымдастырушылары

Қайғылы оқиға 27 ақпанда болған. Барлық қажетті сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл туралы 24.kg басылымына Ыстықкөл облыстық ІІБ баспасөз қызметі мәлімдеген.

- Полицияға жазатайым оқиға туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткен, - делінген хабарламада.

Мамандардың анықтауынша, 43 жастағы Қазақстан азаматы сноубордпен сырғанап келе жатып, досымен соқтығысып қалған. Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында жан тапсырған. 

Сонымен қатар, марқұмның тәжірибелі сноубордшы болғаны да атап өтілді. 

Айта кетелік Шымбұлақ аспажолында адамдар қалып қойған еді

Соңғы жаңалықтар