Қырғызстанда «Қырғызиндустрияның» бұрынғы басшысы қамауға алынды

БІШКЕК. KAZINFORM – «Қырғызиндустрия» басшылығы бюджет қаражатын иелену мен жымқырудың тұрақты схемасын құрды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

В Кыргызстане за коррупцию задержан экс-глава «Кыргызиндустрии» и его заместитель
Фото: ҚР ҰҚМК

Қырғызстан Республикасы ҰҚМК-нің хабарлауынша, 24 қаңтарда ҚР Бас прокуратурасы жүргізген кешенді тексеру негізінде «Қырғызөнеркәсіп» ААҚ жауапты қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

- 2022-2024 жылдары «Қырғызиндустрияға» республикалық бюджеттен 2,3 млрд-тан астам сом бөлінді. Акционерлік қоғамның жекелеген лауазымды тұлғалары жеке пайдакүнемдік мақсаттарын көздеп, еншілес ұйымдар арқылы бюджет қаражатын иелену мен жымқырудың тұрақты сыбайлас жемқорлық схемасын жасаған. Аталған мерзім ішінде компания 40-тан астам залалды кәсіпорынды қаржыландырды, - делінген хабарламада.

Тергеу нұсқасы бойынша, «Қырғызиндустрия» басшылығы бастапқыда өздері және жақын тұлғалары үшін заңсыз баю және қолайлы жағдай жасау мақсатын көздеген.

- Компания құрылымында жоғары жалақы тағайындалған туыстар, достар және жақын адамдар көп болған. 75 қызметкердің 33-і басшылық қызметте болды. Бұл ретте «Қырғызиндустрия» басшылығы мен кейбір қызметкерлері бір мезгілде еншілес ұйымдарда қызмет атқарып, олардан да жалақы алатын, - деп атап өтті ҰҚМК.

Тиімсіз басқару, мемлекеттік ресурстарды ұтымсыз пайдаланудың және оларды қасақана ысырап ету салдарынан мемлекетке ерекше үлкен шығын келтірілді, оның нақты көлемі анықталып жатыр.

«Қырғызиндустрия» АҚ бұрынғы президенті А.Ж. және вице-президенті В.В. ұсталып, Қырғыз Республикасы ҰҚМК уақытша ұстау абақтысына қамалды, оларға белгіленген мерзімде айып тағылатын болады.

Бұған дейін Интерполдың іздеуінде жүрген Қырғызстан президентінің бұрынғы көмекшісі Молдовада ұсталғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар