Қырғызстанда криптобанктер пайда болуы мүмкін
БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстанда криптовалюталармен операциялар жүргізу үшін криптовалюта банктерін құруды ұсынып отыр. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Құжатқа сәйкес, криптобанктер кәсіпкерлік қызмет ретінде Қырғыз Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» заңына сәйкес берілген лицензия негізінде виртуалды активтерге қатысты банктік қызметтердің бір немесе бірнеше түрін ұсынатын болады.
Атап өтілгендей, соңғы жылдары жеке және заңды тұлғалар арасында криптовалютаға қызығушылық айтарлықтай артқан, ал криптобанк құру бұл нарықты құрылымдауға және заңдастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Қырғызстандағы криптовалюта нарығы нашар реттелуде. Олардың пікірінше, криптобанк пайдаланушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, осылайша алаяқтық және қаражатқа рұқсатсыз қол жеткізу қаупін азайтады.
Заң жобасы криптоактивтермен транзакциялар үшін қауіпсіз, ашық және тиімді ортаны құруға бағытталды.
Бұған дейін Қырғызстан мектептерінде 12 жылдық білім беру енгізілетіні белгілі болды.