Қырғызстанда мемлекеттік қаржыландырудағы студенттер әртүрлі аймақтарға оқуға жіберіледі
БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстанда аймақтар арасында мемлекеттік қаржыландырудағы студенттерді ротациялау жүйесі енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.
Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойды.
Бағдарлама елдің барлық аймақтарында сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және кәсіби әлеуетті нығайтуға бағытталған.
Министрлер кабинетіне ротацияға қатысушыларды қолдаудың арнайы бағдарламасын әзірлеу тапсырылды, оған мыналар кіреді:
* мемлекеттік білім беру гранттарының квоталарын аймақтық балансқа негіздеп бөлу;
* студенттерге стипендиялар беру;
* студенттер үшін ішкі әуе тасымалын қамтамасыз етуді қоса алғанда, жол жүру шығындарын жабу;
* жалпы сыйымдылығы кемінде 9 мың орындық заманауи студенттік жатақханаларды кезең-кезеңімен салу. Олар оқу орталықтары, асханалар, спорт алаңдары және басқа да инфрақұрылыммен жабдықталады.
Төлемдер мен көлік шығындарын қаржыландыру республикалық бюджетке 2027 жылдан бастап енгізіледі.
Осыған дейін Қырғызстанда студенттерді ротациялау жүйесі енгізілетінін хабарладық.