Қырғызстанда милицияның ЖИ-көмекшісі іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда милицияның «Мыйзамбек» атты виртуалды көмекшісі сынақ режимінде іске қосылды.

Қырғызстанда милицияның ЖИ-көмекшісі іске қосылды
Видеодан алынған кадр

Қырғызстан ІІМ дерегінше, чат-бот Telegram мессенджерінде жұмыс істейді. Азаматтар оған өтініш жолдап, құқықбұзушылықтар туралы ақпаратты жедел хабарлай алады. 

Қырғызстан тұрғындары чат-бот арқылы сыбайлас жемқорлық, пара талап ету, экономикалық қылмыстар, мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері, лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілетін асыра пайдалануы және заңнамаға қайшы өзге де әрекеттер туралы мәлімет бере алады.

Сонымен қатар чат-бот арқылы қажетті кеңес алуға болады. Өтініштің мазмұнына қарай ақпарат ІІМ-нің Қылмыстық іздестіру бас басқармасына немесе Ішкі тергеу қызметіне жолданады.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда парламент жұмысын жасанды интеллект тарататынын хабарланғанбыз.