Қырғызстанда президент сайлауы 2027 жылғы қаңтарда өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Жогорку Кенеш депутаттары Қырғыз Республикасы президенті сайлауын белгілеу туралы қаулының жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Назначена дата проведения выборов президента Кыргызстана
Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

Жогорку Кенештің Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылыс, жергілікті өзін-өзі басқару және регламент комитетінің төрайымы Гүлнар Әкімбаеваның айтуынша, Қырғыз Республикасындағы президент сайлауы Жогорку Кенештің қаулысымен белгіленіп отыр.

Кезекті президент сайлауы мемлекет басшысының өкілеттігі аяқталатын жылдың қаңтар айының төртінші сәрсенбісінде, яғни 2027 жылдың 27 қаңтарында өтеді.

Бұрын Қырғызстан президент және парламент сайлауының күнін жексенбіден сәрсенбіге ауыстырғаны туралы хабарланған болатын.