Қырғызстанда салық қызметінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті лауазымын асыра пайдалану және жемқорлық әрекеті бойынша Мелекеттік салық қызметінің төрағасы Алтынбек Абдуувапов пен оның орынбасары Исламбек Кыдыргычовты ұстады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі ҚР ҚҰМК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Преступление Қылмыс наручники задержания Кісен ұсталды МВД РК ҚР ІІМ
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Арнайы қызметтің мәліметіне сүйенсек, бұл жоғары лауазымды шенеуніктер электронды жүкқұжаттарды пайдалану барысында жемқорлыққа барды деген күдікке ілікті. Олар Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Заңмен белгіленген мерзімде шенеуніктерге айып тағылып, істері қаралады.

Таяуда ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Ташиев Жоғары Кеңес отырысында салық органы қызметкерлерінің акцизделетін тауарларды жеткізу үшін электронды жүкқұжаттарды пайдалану төлемдерін жасыруға байланысты сыбайлас жемқорлық схемасын жасағанын мәлімдеген болатын. Соның салдарынан мемлекетке 3,2 миллиард сом шығын келтірілген.

Сондай-ақ Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы өзін қорқыту үшін хат жазған адамның кім екені анықталып, ұсталғаны туралы хабарлады.

 

Соңғы жаңалықтар