Қырғызстанда саудагерлер салық режиміне қарсы митинг өткізді

Бішкек, Ош, Қаракөл, Таласта кәсіпкерлердің митингі өтіп жатыр. Олар жаңа салық өзгерістеріне қарсы, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Бішекетегі митинг
Фото: Гульмира Абдрахманова/агентства Kazinform

2024 жылдың 1 қаңтарында, салық заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес Қырғызстанда салықтың патенттік жүйесі тоқтатылады.

Барлық қалада өтіп жатқан бүгінгі наразылық акциясына қатысушылар бақылау-касса машиналарын пайдалану талабына қарсы шығып, кәсіпкерлерге патент бойынша жұмысты жалғастыруға рұқсат беруді сұрайды.

Астаналық «Мадина», «Орто-Сай» базарлары саудагерлері де жақында осындай талаппен митингіге шықты. Ош облысындағы елдің ең ірі сауда орындары әрі стратегиялық нысандарға жататын «Дордой» мен «Қара Суу» базарларында бақылау-касса машиналарын, электронды тауар-көлік жазбалары мен электронды шот-фактураны пайдаланбауға мүмкіндік беретін ерекше салық режимі жұмыс істейді. Ерекше салық режимі табыс салығын, сатудан түсетін салықты, ҚҚС алмастырады.