10:08, 15 Шілде 2024 | GMT +5
Қырғызстанда сел кезінде жоғалған баланың денесі табылды
АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстанның Ош қаласында сел кезінде жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі Өзбекстан аумағынан табылды.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әндіжан қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) Шахрихонсой суару каналынан 2017 жылы туған Н.С.-ның денесі табылды.
Баланың денесі «Достук» бақылау-өткізу бекетінде қырғыз тарапына берілді. Жоғалған екі әйел мен екі қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстанның Ош қаласында сел кезінде төрт адам ұшты-күйлі жоғалып кетті.
14 шілдеде Ошта төтенше жағдай режимі енгізілді.