Қырғызстанда Цифрлық кодекс қабылданды

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Цифрлық кодекске қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Қырғызстанда Цифрлық кодекс қабылданды
Фото: Freepik.com

Аталған құжат адамның және азаматтың цифрлық кеңістіктегі құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен іске асыруға, Қырғыз Республикасында цифрлық экономиканы дамытуға, сондай-ақ елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға қолайлы құқықтық жағдай жасау мақсатында қабылданған.

Кодексте мынадай негізгі ережелер көзделген:

цифрлық ортадағы құқықтық реттеудің негіздері;

цифрлық ортада мемлекеттік реттеу туралы ережелер;

цифрлық ортада арнайы реттеу тәртібі;

цифрлық орта субъектілерінің өзара әрекет ету тәртібі;

цифрлық ортадағы құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері туралы ережелер;

цифрлық ортадағы құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру, тоқтатылу негіздері;

цифрлық және жеке деректерді өңдеу тәртібі;

цифрлық қызметтер, телекоммуникациялық қызметтер, цифрлық технологиялық жүйелер туралы ережелер;

телекоммуникациялық желілер туралы ережелер;

цифрлық технологиялық жүйе иелерінің өзара әрекет ету тәртібі;

жасанды интеллект жүйелері туралы ережелер;

цифрлық ортадағы қатынастардың үздіксіздігін қамтамасыз ету тәртібі және т.б.

Цифрлық кодекс ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң күшіне енеді.

Бұған дейін Қырғызстанда ет бағасына мемлекеттік реттеу енгізілді.