Қырғызстанда ұсталған есірткі саудалаушылардан гашиш пен марихуананың ірі партиясы алынды

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстанда қылмыстық топ сату үшін аса ірі көлемде есірткіні заңсыз өндірумен айналысқан, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

 Қырғызстан
Фото: Қырғызстан ІІМ

Қырғызстан Республикасы құқық қорғау органдарының мәліметінше, 9 ақпанда Жайыл ауданы, Сосновка ауылындағы «Толкун-1» стационарлық бекетінде 39 жастағы қырғыз әйелінің басқаруындағы «Тойота Эстима» көлігінен 1,4 келі гашиш пен 18,1 келі марихуана салынған сөмкелер табылған. Аса ірі көлемдегі есірткі заттары одан әрі өткізу үшін елдің оңтүстік облыстарынан Шу облысының аумағына тасымалданған.

Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 282-бабы «Есірткі, психотроптық және оларға ұқсас заттарды сату үшін заңсыз өндіру» әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында қылмысқа қатысы бар үш адам анықталып, ұсталды – 1980 жылы туған М.Э., 1990 жылы туған К.С. және 1986 жылы туған Б.Ж. Олар уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Осыған дейін Қырғызстанда тыйым салынған экстремистік ұйым көшбасшысының іздестіріліп жатқаны хабарланды.

 

Соңғы жаңалықтар