Қырғызстанда медресе 35 баланы заңсыз оқытқан

Қырғызстан діни мектеп
Фото: Кабар

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҚР ҰҚМК) Қаракөл қаласында заңсыз жұмыс істеп жатқан діни білім беру мекемесін анықтады, деп хабарлайды Кабар ақпарат агенттігі.

Комитетте хабарланғандай, аталған діни мекеме өз қызметін тіркеуден өтпей және дін істері жөніндегі уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырған. 

Тексеру кезінде онда үш мұғалім жұмыс істеп, 35-тен астам кәмелетке толмаған балалар білім алған.

Тексеру қорытындысы бойынша діни білім беру мекемесінің қызметі тоқтатылып, алдын алу шаралары жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар