Қырғызстанда Жеңістің 81 жылдығына арналған митинг-реквием өтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан астанасы Бішкектегі Жеңіс алаңында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған митинг-реквием өтіп жатыр. Іс-шараға Садыр Жапаров қатысты, деп хабарлайды Кабар.
Қырғызстанның Мемлекет басшысы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Сондай-ақ, президент Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және барлық қырғызстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.
Еске салсақ, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне біржолғы материалдық көмек көрсету туралы өкімге қол қойды. Президент қорының қаражатынан 4 848 000 сом бөлінді.
Осылайша Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 200 мың сом көлемінде біржолғы төлем берілді.