Қырғызстанда жерге қатысты махинациялар бойынша лауазымды тұлғалар ұсталды

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Жалал-Абад облысы Ноокен ауданы аумағында жер телімдерін жеке меншік құрылысқа беру кезінде орын алған жемқорлық схемасын анықтады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Кабар агенттігі жазды, деп хабарлайды Kazinform.

ұсталды
Фото: freepik.com

Мәлім болғандай, 2017-2021 жылдар аралығында Бургонду айыл аймағының лауазымды тұлғалары Қырғыз Республикасының жекелеген азаматтарымен келісіп, жеке құрылыс үшін кезектен тыс және комиссияның қарауынсыз жер учаскелерін беріп келген. Ақысына ақшалай сыйақы алған. Бұдан бөлек, жер учаскелері үйі бар, Бургонду айыл аймағында тұрмайтын, сонымен қатар 18 жасқа толмаған азаматтарға берілген.

Осы фактілер бойынша 2023 жылғы 30 қарашада Бургонду айыл аймағының бұрынғы басшысы С.А.А. мен жерге орналастыру бойынша маман О.А.А. ұсталып, Жалал-Абад облысының тергеу изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар басқа да адамдарды анықтау үшін жедел-тергеу амалдары жүріп жатыр.