Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қырғызстандағы блэкаут себебін арнайы комиссия тексереді

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстанда электр қуатының үзілуінің себептерін мұқият зерттеу үшін арнайы комиссия құрылады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Минэнерго Кыргызстана озвучило позицию по нарушению в энергосистеме
Фото: Қырғыз Республикасының Энергетика министрлігі

Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев кезекті аппарат отырысында елдегі электр қуатының үзілу оқиғаларын қатаң сынға алды.

- Соңғы бір жарым жылда елімізде электр қуатының 26 жоғары вольтты апатты үзілуі тіркелді. Ажыратуға жабдықтарды пайдалану ережелерін, қауіпсіздік ережелерін бқзу, жабдықтардың техникалық жағдайы, мердігер ұйымдардың кінәсінен электр желілерінің үзілуі және зақымдануы, сондай-ақ жеке жауапты басшылардың немқұрайлылығы себеп болды, - деп хабарлады ол.

Министрлер кабинетінің басшысы Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Президент және Министрлер Кабинетінің шешімдерінің орындалуын бақылау бөлімінің басшысы Азамат Апсатаровқа бұл мәселені жеке бақылауға алуды және республиканың бірнеше аймағында, соның ішінде 2026 жылдың 14 тамызында болған оқиғада электр қуатының үзілуінің себептерін мұқият зерттеу үшін арнайы комиссия құруды тапсырды.

Сондай-ақ осы үзілістерге жол берген министрлік, энергетикалық компаниялар және мердігер құрылыс ұйымдарының лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне заңды және тәртіптік баға беру тапсырылды.

Комиссияның қорытындысы бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.
Бұған дейін Тәжікстан мен Қырғызстан аудандары жаппай жарықсыз қалғаны хабарланған болатын.

Кейін Қырғызстан электр қуатының үзілуіне қатысты пікір білдірді.