Қырғызстандағы жойқын сел кезінде із-түссіз жоғалған тағы екі қазақстандық баланың денесі табылды

Сход селя в Кыргызстане
Фото: kabar.kg

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстандағы сел кезінде жоғалған қазақстандық екі азаматтың денесі табылды. Бұл туралы Қырғызстан ТЖМ жедел штабы мәлім етті. 

Қазіргі таңда екі елдің билік өкілдерінің бірлесуімен шұғыл түрде құжаттар рәсімделіп, барлық тиісті шаралар атқарылып жатыр. 

Қазақстандық дипломаттар қайтыс болғандардың туыстарына барынша қолдау білдіріп, көмектесіп жатыр. 

Жақын арада ҚР ТЖМ арнайы бортымен қайтыс болған 4 баланың денесі отанына жеткізілмекші. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанда алапат селден бес адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Артынша жойқын сел тасқынынан қазақстандық балалар көз жұмғаны белгілі болған еді. 

 

Соңғы жаңалықтар