Қырғызстандық «фура» жүргізушісі ҚР территориясында мемлекеттік номерін өзгертіп алып жүрген

ТАРАЗ. KAZINFORM — Жамбыл облысы Меркі ауданы маңындағы тас жолда көлігінің нөмірін өзгертіп алған «фура» жүргізушісін ұсталды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қырғызстандық жүргізуші бір әріппен бейнекамераны алдамақ болған
Фото: Полиция департаменті

Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы барысында «АвтоСканнар» мобильді кешенінің көмегімен өтіп бара жатқан DAF маркалы жүк көлігінің мемлекеттік нөмірдегі бір әрпі басқа екенін анықтаған. Қырғыз Республикасының 33 жастағы тұрғыны бұл әрекетін жолда жылдамдықты асырғаны үшін бейнекамераларға түсіп қалмау мақсатында жасағанын мойындады.

Жүргізушінің Қырғызстаннан Ресейге Қытай автокөліктерін тасымалдаумен айналысатыны белгілі болды.

Меркі аудандық сотының шешімімен құқық бұзушы 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Айта кетсек, біз бұған дейін жүргізуші куәлігін алу үшін Қазақстанда емтихан тапсыру кезінде жаңа ереже енгізілетінін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар