Қырғызстандық стендап-комик Елдос Алмазов қайтыс болды
АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанның танымал стендап-комигі Елдос Алмазов 29 жасында ота үстелінде қайтыс болды.
Елдос Алмазовтың қайтыс болғаны туралы оның Telegram-арнасындағы соңғы жазбасының астындағы түсініктемелерде немере апасы хабарлады.
— Кеше, ота үстінде біз Елдостан айырылып қалдық. Бұл біздің барлығымыз үшін, әсіресе оның ата-анасы үшін үлкен қайғы, — деп жазды ол.
2026 жылдың көктемінде Алмазовқа остеосаркома диагнозы қойылған болатын. Ол қарқынды химиотерапиядан өтті, ал қыркүйекте оған аяғындағы ісікті алып тастау үшін ота жасалды.
Бұған дейін қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың әпкесінің қайтыс болғаны хабарланған еді.