Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласына ШЫҰ-ның мәдени астанасы мәртебесі берілді

АСТАНА. KAZINFORM – Ыстықкөл жағалауында орналасқан Чолпон-Ата қаласына ШЫҰ-ның 2025-2026 жылдардағы туризм және мәдени астанасы деген мәртебе берілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Культурной столицей ШОС стал кыргызский город Чолпон-Ата
Фото: Кабар

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Тяньцзиньде өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде елдің ұйымға төрағалығы кезеңіне арналған жоспарларын таныстырды. Олардың қатарында Ыстықкөл «интеллектуалдық» форумы мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бар.

Садыр Жапаров елдің ШЫҰ-на төрағалығы кезінде басымдық берілетін бағыттарды атады.

Ол Қырғызстанның төрағалығы «ШЫҰ-на 25 жыл: тұрақты әлем, даму мен гүлденуге бірге» атты ұранымен өтіп, мынадай мәселелерге басымдық берілетінін атап өтті:

· Ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету. Терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күреске ерекше назар аударылып, Қырғызстан бастамасымен Бішкекте құрылатын трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес орталығы ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздікке үлес қоспақ.

· Экономикалық ынтымақтастықты дамыту. Ұйым аясында тиімді қаржылық тетіктерді құру, соның ішінде ШЫҰ Даму банкін, Даму қорын және Инвестициялық қорды құру ұсынылды.

· Көлік және логистика. Халықаралық автокөлік және теміржол тасымалдарына қолайлы жағдай жасау, жаңа бағыттар ашу және мүше мемлекеттердің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану жоспарланып отыр.

· Цифрландыру. Жастардың цифрлық форумын өткізу ұсынылып, ортақ цифрлық трансформацияға бағытталған бастамаларға Қырғызстан үлес қоспақ.

· Климат және жасыл экономика. Климаттың өзгеруіне қарсы күресте және «жасыл» жобаларды ілгерілетуде ынтымақтастықты күшейту көзделген.

Келесі ШЫҰ саммиті 2026 жылы Бішкекте өтеді.

Айта кетейік, кеше Қытайдың Тяньцзинь қаласында ШЫҰ саммиті өтті.

Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар