Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев кінәлі деп танылды

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстанның Первомай аудандық соты бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты қылмыстық топ серкесі Азиз Батукаевты қамаудан заңсыз босату ісі бойынша сырттай кінәлі деп таныды, деп жазады ТАСС.

Атамбаев
Фото: КАБАР

Алайда істің мерзімі өтіп кеткеніне байланысты оған жаза тағайындалмады. Бұл туралы экс-мемлекет басшысының адвокаты Сергей Слесарев хабарлады. 

– Азиз Батукаев ісі бойынша үкім шықты. Алмазбек Атамбаев кінәлі деп танылды, бірақ істің ескіруіне байланысты жаза тағайындалған жоқ, - деді ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталуы мүмкін екенін жазған едік. 

Сондай-ақ Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалып жатқан топ ұсталды. 

Соңғы жаңалықтар