Қырғызстанның қазіргі мемлекеттік қарызы қанша

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстанның қарызы 8,9 млрд долларға жетті. Оның 5,3 млрд доллары сыртқы қарыз болса, 3,6 млрд доллары ішкі қарызға тиесілі, деп хабарлайды Kабар

Какой сейчас госдолг Кыргызстана
Фото: Economist.kg

Бұл туралы қаржы вице-министрі – Орталық қазынашылық директоры Үмітжан Аманбаев мәлімдеді.

— Сыртқы қарыздар ратификациядан кейін инфрақұрылымдық және экономикалық жобаларды іске асыруға бағытталады. Биыл серіктес мемлекеттермен жасалған келісімдер аясында шамамен 28 млрд, ал кейбір бағыттар бойынша 35 млрд-қа жуық қаражат негізінен мектептер мен жол салуға жұмсалады. Мұндай жобалар экономиканың, соның ішінде жалпы ішкі өнімнің өсуіне әсер етеді. Өйткені жаңа жұмыс орындары ашылып, салық түсімдері артады, — деді ол.

Аманбаев Қытайға тиесілі қарыз мәселесіне де тоқталды. Қазір Қытайға берешек $1,4 млрд-ты құрайды. Оның жалпы мемлекеттік қарыз көлеміндегі үлесі 27%-дан төмендеді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 40% болған.

— 2020 жылдарға дейін Қытайға берешек жалпы қарыз көлемінің 80-90%-ын құрады. Кейбір кезеңдерде оның мөлшері бюджет кірісінің 100%-ына дейін жетті. Ал биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 16%-ға дейін төмендеді. Демек, қазіргі таңда Қытайға берешекті толық өтеуге қаржылық әлеуетіміз жеткілікті. Қарыздың көлемі бюджетіміздің 16%-ына ғана тең. Оны өтеудің арнайы тетіктері де қарастырылған, — деп атап өтті Үмітжан Аманбаев.

Бұған дейін Қырғызстан Қытайға қарызын 2035 жылға дейін толық өтейтіні хабарланған еді.