Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы тағы 13 сайлау округіндегі сайлау нәтижесін бекітті

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы тағы 13 сайлау округіндегі сайлауды қорытындысын жарамды деп таныды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Выборы в Кыргызстане: утверждены результаты еще в 13 округах
Фото: ҚР ОСК

8 желтоқсанда қабылданған қаулыға сәйкес, келесі тұлғалар Жогорку Кенеш депутаты болып сайланды:

  • № 1 сайлау округі: Шыңғыс Әжібаев, Исманәлі Жороев, Камила Талиева;
  • № 18 сайлау округі: Кәрім Ханжеза, Бакыт Чомоев, Гүлжан Сатиева;
  • № 17 сайлау округі: Нұрланбек Азыгалиев, Улукбек Ұзақбаев, Чолпон Есенаманова;
  • № 21 сайлау округінде: Куанышбек Конгантиев, Жаныбек Абиров, Жылдыз Садырбаева;
  • № 7 сайлау округінде: Әлішер Козуев, Илимбек Кубанычбеков, Гүлай Машрапова;
  • № 3 сайлау округі бойынша: Равшанбек Рысбаев, Жаныбек Аматов, Махабат Мавлянова;
  • № 12 сайлау округі бойынша: Бекмырза Чолпонбай ұлы, Талайбек Масабиров, Жылдыз Құрманалиева;
  • № 14 сайлау округі бойынша: Болотбек Борбиев, Құндызбек Сулайманов, Гүлшарқан Құлтаева;
  • № 4 сайлау округі бойынша: Рустамбекұлы Советбек, Жаанбаев Ұланбек, Әлімжанова Нилуфар;
  • № 19 сайлау округі: Медербек Әлиев, Абдылдабек Егембердиев, Едита Тайгараева;
  • № 6 сайлау округі: Алтынбек Құдайбердиев, Бекмурза Ергешов, Салтанат Аманова;
  • № 23 сайлау округі: Эльвира Сурабалдиева, Марлен Маматалиев, Үмбеталы Қыдыралиев;
  • № 25 сайлау округі: Бахридин Шабазов, Бакыт Тентишев, Еркеайым Сейтқазиева;

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарының кезектен тыс сайлауы аяқталғанын жазған едік.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші сайлауының табысты өтуімен құттықтады.

Қырғызстандағы парламент сайлауына қанша адам қатысқанын мына материалдан оқи аласыз.

Сондай-ақ Қырғызстанда бір сайлау округіндегі парламент депутаттарының сайлауы жарамсыз деп танылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар