Кирилл Герасименко АҚШ-тағы беделді үстел теннисі турнирінде өнер көрсетеді

АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында үстел теннисінен беделді United States Smash турнирі өтеді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Кирилл Герасименко АҚШ-тағы беделді үстел теннисі турнирінде өнер көрсетеді
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы атынан бұл жарысқа екі спортшы қатысады. Ел намысын Кирилл Герасименко мен Зауреш Ақашева қорғайды.

Турнирге Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ван Чуцинь (Қытай), Трульс Морегард (Швеция), Томокадзу Харимото (Жапония), Феликс Лебрун (Франция), Уго Кальдерано (Бразилия), Сунь Инша (Қытай), Ван Маньюй (Қытай), Мива Харимото (Жапония), Сабина Винтер (Германия), Хина Хаята (Жапония) және басқа да танымал спортшылар қатысады.

United States Smash турнирі 26 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

Жібек Құламбаева Польшадағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазғанбыз.