Кирилл Герасименко үстел теннисінен АҚШ-та өткен жарыстың жеңімпазы атанды

Кирил Герасименко
Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Кирилл Герасименко АҚШ-та үстел теннисінен өткен WTT Feeder Corpus Christi 2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Olympic.kz. сайтынан мәлім еткеніндей, Қазақстан командасының үздігі төрт бірдей қарсыласынан басым түсті.

Атап айтқанда, Кирилл Герасименко америкалық Кай Чжанды 3:1, үндістандық Хармит Десайды 3:1, германиялық Штеффен Менгельді 3:1, португалиялық Жоао Монтейруді 3:2 есебімен ұтып, алтын медаль жеңіп алды.

«Бұл турнирде бірінші орын алып, WTT Champions турниріне қатысу үшін рейтингілік ұпай жинаймын деген мақсат болған. Сондай-ақ бұл ұпайлар Париж олимпиадасына іріктеу кезеңінде де маңызды. Мұнда өзіме деген сенімділік арқасында мықты спотшылардан басым түстім», - деді Кирилл Герасименко.

Соңғы жаңалықтар