Кірістері ең төменгі өмір сүру көрсеткішінен аз азаматтар саны өткен жылдың төртінші тоқсанында 3,4 пайызды құрады
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Кірістері ең төменгі өмір сүру көрсеткішінен аз үй қожалықтарының жағдайына жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесі өткен жылдың төртінші тоқсанында 3,4 пайызды құрады. Бұл мәліметтерді бүгін еліміздің Статистика агенттігі таратты.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 1,7 пайызға аз болып отыр. Кірістері ең төменгі өмір сүру көрсеткішінен төмен ауыл тұрғындарының саны қала тұрғындарының осы санаттағы халқының санынан 5 есеге көп. Осы санаттағы тұрғындар саны өткен жылдың бірінші тоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысында көп болды. Аталмыш аймақта бұл көрсеткіш 7 пайызды құрады. Бұдан кейінгі орындарда 5,8 пайызбен Солтүстік Қазақстан облысы, 5,2 пайызден Маңғыстау облысы, 4,9 пайызбен Батыс Қазақстан облыстары тұр. Ал Ақмола мен Атырау облыстарында биылғы көрсеткіш өткен жылғымен бірдей болып отыр.
Ақмола облысында тұрмысы нашарлар саны ауыл халқы кірістерінің төмендігінен болып отыр. Ал Атырау облысындағы жағдайға қалалықтардың да, ауылдағылардың да кірістерінің төмендігі әсер еткен. Кірістері ең төменгі өмір сүру көрсеткішінен аз азаматтар саны Алматы мен Астана қалаларында және Алматы облыстарында байқалды.