Киркленд телефонды көтермей қойды - Қанат Ислам

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанаға ұшып келген WBO NABA мен WBA Intercontinental белбеулерінің иегері Қанат Ислам алдағы жекпе-жекте өз қарсыласының не себепті ауысқанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Айта кетейік, 21 маусым күні Астанада өткен баспасөз мәслиxатында Қанат Ислам келесі жекпе-жегін америкалық боксшы Джеймс Кирклендке қарсы өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. Алайда сол кезде әлі нақты келісім болмаған.
«Киркленд өз келісімін бермеді. Негізі, біз оның барлық талаптарын орындайтынымызды айтқанбыз. Бірақ сол беті телефонын көтермейді. Менеджері де, промоутері де хабарсыз кетті. Бәлкім, алдағы жекпе-жектерде кездесеміз», - деді Ислам бүгін журналистерге берген сұхбатында.

9 қыркүйек күні Астанада өтетін бокс кешінде Қанат Ислам (24-0, 19КО) канадалық Брэндон Кукпен (18-0, 11КО) жұдырықтасады. «Қазіргі кезде HBO арнасы тарапынан бізге сұраныс бар. Сондықтан алдағы жекпе-жек әлемдік бокс шыңына шығуға мүмкіндік беретін тағы бір баспалдақ болады. Сөйтіп, бокс әлемінің үлкен тұлғасына айналамын деп сенемін», - деп атап көрсетті.

Алдағы бокс кеші кезінде 8 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Олар -  Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0, 2КО),  Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0,5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0, 1КО). Барлық боксшыларымыз осы уақытқа дейін бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.

Соңғы жаңалықтар