Қыркүйек айында шекарашылар 3,3 млрд теңге шығынның алдын алды

шекара
Фото: ҚазАқпарат

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі қыркүйек айында әшкереленген шекара бұзу, заңсыз зат алып өту, браконьерлік сынды қылмыстардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2023 жылғы қыркүйекте құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, 2 895 ҚР заңнамаларын бұзушыны ұстады, ал жыл басынан бері мұндай 19 795 адам анықталды.

Шекарашылар 989 заңсыз зат алып өту фактісінің алдын алды, соның ішінде:

86 – жалпы салмағы 50 кг есірткі заттары;
16 – атыс қаруы мен оқ-дәрілер (7 дана атыс қаруы, 67 дана оқ-дәрі);
402 – жалпы сомасы 10 млн теңгеден жоғары жанар-жағармай материалдары (47 423 литр);
363 – құны 2 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
98 – сомасы 1 млрд теңгеден жоғары валюта;
жалпы сомасы 1 млрд теңге болатын 48 кг зергерлік бұйым (алтын) тәркіленді.

Каспий акваториясында 59 браконьерлік фактісінің жолы кесіліп, мына заттар тәркіленді:

Оның ішінде жалпы ұзындығы 150 км болатын тор;

2 дана жүзу құралы;

1 434 дана (9 408 кг) бекіре тұқымдас балық;

1 689 дана (5 219 кг) ұсақ тұқымдас балық.

Осы заңбұзушылықтар іске асқан жағдайда, мемлекетке келетін залал сомасы 3 млрд 279 млн теңгені құрайтын еді.

Бұл фактілер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Қыркүйек айында Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram