Қыркүйекте өнімнің егістіктен сөреге дейінгі жолын қадағалайтын жүйе іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM — Қыркүйекте аграрлық өнімнің егістіктен сөреге дейінгі жолын қадағалайтын жүйе іске қосылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына жолдаған жауапта мәлім етті.

алқап
Фото: Әлия Нағиеваның жеке архивінен

— Аграрлық саланың бүкіл ақпараттық жүйесін біріктіретін «Е-АӨК» бірыңғай платформасы әзірленіп жатыр. Вакцинация мен орын ауыстыруды қоса алғанда, толық қадағалауды қамтамасыз ететін «АЖС» жануарларды есепке алу жүйесі жұмыс істейді. Сондай-ақ жануарлардың өнімділігі мен жай-күйін болжаудың ЖИ технологиялары енгізілмек, — дейді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, ол фитосанитариялық сертификат беру рәсімі де электрондық форматқа ауыстырылғанын еске салады.

— Биылғы қыркүйекте өнімнің егістіктен сөреге дейінгі жолын, оның ішінде өнімділікті, сақтауды және логистиканы қамтитын қадағалау жүйесін (ӨСЖ) іске қосу жоспарланған, — деп жазады Үкімет басшысы.

Бұған дейін ветеринариялық құжаты жоқ мал өнімін сатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум