Қыс басталғанда Шымкентте қозықұйрық өсіп шықты

Қозықұйрық
Фото: Видеодан алынған кадр

Күннің жылылығынан Шымкентте қозықұйрық өсіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Уәли Қыдыр есімді шымкенттік тұрғын қозықұйрық өсіп тұрған аймақты видеоға түсіріп, желіге жүктеді. Онда бір топ жігіттердің қозықұйрық теріп жүргенін көруге болады.

«Бағбанды алып келіп жерді көрсетпек болып едік, қозықұйрық өсіп кетіпті», - дейді видео авторы.

Ал, табиғаттың тосын сыйына көпшілік таңқалысып, түрлі пікірлер жазып жатыр. Олардың арасында «Құдайдың кереметі осы. Қазір әлемде күн, ауа бәрі өзгерісте»,«Не шықса да Шымкенттен шығады деген осы», «Ауа-райы көктеммен сәйкес келіп тұрған шығар?», «Бақшада көп шығып жатыр ғои, теріп алып жеуге қорқып отырмыз»-деп жазылған жазбалар бар.

Айта кетейік, бұдан алдын Шымкент көшелеріне қыс түскенде гүл егіліп жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар