Кіші Алматы өзені жоғалып кетуі ықтимал - Қоршаған ортаны қорғау министрі

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Келешекте Кіші Алматы өзені жоғалып кетуі мүмкін. Бүгін Мәжілісте еліміздің экоологиялық мәселелеріне арналған Үкімет сағатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров осылай мәлім етті

Кіші Алматы өзені жоғалып кетуі ықтимал - Қоршаған ортаны қорғау министрі

Министрдің мәліметіне қарағанда, халықаралық бағалаулар бойынша жаһандық температура индустрияландыруға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2 градустан астам көтерілген. «Бұл Жер шарында алапат  өзгерістерге алып келуде. Ал Қазақстанға келер болсақ, климаттың жылынуы жер шарындағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда жылдам қарқында жүруде», - дейді министр. Оның айтуынша,  Тянь-Шань тауларындағы мұздықтар көлемі ХХ ғасырдың аяғына қарай 25 - 35 пайызға қысқарған. «Аталған жылыну үдерісі сақтала берсе 2050 жылға қарай алып мұздықтардың басым бөлігі іс жүзінде еруі әбден мүмкін. Бұның салдарынан Шу және Талас өзендерінің ағысы 2 есеге азаяды. Ал Кіші Алматы өзені мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Бұндай жағдай ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті және халықты сапалы сумен қамтамасыз етуге зор қауіп-қатер тудыруы да ықтимал», - деді Нұрлан Қаппаров.