08:26, 01 Қазан 2010 | GMT +5
Кіші Алматы өзеніне абайсызда 2 жасар сәби құлап кетіп, мерт болды
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Кіші Алматы өзеніне абайсызда 2 жасар сәби құлап кетіп, мерт болды.
Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.
Қайғылы оқиға қыркүйектің 30-ы күні түс ауа Медеу ауданында Добролюбов пен Коперник көшелерінің қиылысында болды.
Ұл баланың денесі су бетіне Алматы қаласы бойынша құтқару қызметінің көмегімен шығарылды.