Кіші Буштың інісі 2016 жылғы президент сайлауына қатысуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Флорида штатының бұрынғы губернаторы Джеб Буш - экс-президент, кіші Джордж Буштың інісі 2016 жылы президент сайлауына түсетінін жасырмады.

Кіші Буштың інісі 2016 жылғы президент сайлауына қатысуы мүмкін

«Осы мәселе бойынша нақты шешімді мен осы жылдың соңына дейін қабылдаймын. Әзірге ол туралы ойламауға тырысып жүрмін», - деп мәлімдеді Буш жексенбі күні Fox News телеарнасына берген сұхбатында.

61 жастағы Джеб Буштың Республикалық партияда беделі жоғары. Джеб Буш 1999-2007 жылдар аралығында Флорида губернаторы болып, штат тарихындағы ең танымал губернаторлардың бірі аталды. Егер сайлауда өзінің кандидатурасын ұсынса, ол отбасылық дәстүрді жалғастыруға мүмкіндік алады. Оның ағасы кіші Джордж Буш АҚШ-тың 43-ші президенті, ал оның әкесі үлкен Джордж Буш - 41-ші президенті болған.