Кіші Чавес Головкинді қалжыңға айналдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Хулио Сезар кіші Чавес әлеуметтік желі арқылы орта салмақтағы WBC, WBA, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинді күлкіге айналдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кіші Чавес Головкинді қалжыңға айналдырды

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы интернеттегі желіге коллаж салып жіберді. Онда ол «Канелломен» бірге келе жатқан көлікпен жол бойында тұрған Головкинге су шашып өткен кезі суреттеледі.

«Мен саған жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс жібердім, бірақ сен сол беті жауап бермедің. Кешір, «good boy», - деп әзілдеді кіші Чавес суреттің астына қалдырған сөзінде.

Айта кетейік, Головкин Канеломен жекпе-жек өткізу үшін жыл бойы талпыныс жасаған, тіпті Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Канело мен Головкинге кездесуді міндеттеген болатын. Дегенмен бұл жұдырықтасу болмады. Сонымен қатар Головкин мен кіші Чавес арасындағы жекпе-жек те былтыр өтуі ықтимал деген сыбыс болған еді. Бірақ ол кездесудің ұйымдастырылуы мұң болды. Кіші Чавес болса, Канеломен аз уақытта келісіп үлгерді және олардың кездесуі 6 мамырға белгіленген. Олардың жұдырық түйістіруі 74,6 келі салмақта өтеді.