Кіші-Чавес Головкинмен кездесуге келісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орташа салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, 28 жастағы мексикалық Хулио Сезар кіші-Чавес орташа салмақтағы WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуге дайын.

Кіші-Чавес Головкинмен кездесуге келісті

Кіші-Чавестің сөзіне қарағанда, ол Головкинмен кездесу келісім-шартына егер оның Top Rank компаниясымен келісімі автоматты түрде мерзімі ұзартылмайтын болса, қол қоятынын мәлімдеді.

Головкин мен Чавес арасындағы кездесу Лос-Анджелесте екінші орта салмақта «Форум» жабық аренасында 19 шілде күні өтеді деп болжануда. Осылайша, бұл қазақстандық боксшының кәсіби рингтегі 30-кездесуі болмақ - деп хабарлады Vesti.kz.