Кіші-Чавеспен өткен кездесуден кейін Головкин орташа салмаққа оралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орташа салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер бұрынғы әлем чемпионы Хулио Сезар кіші-Чавеспен екінші орта салмақ дәрежесінде өтетін кездесуден кейін қазақстандық боксшы орташа салмаққа қайтып оралатынын айтты.

Кіші-Чавеспен өткен кездесуден кейін Головкин орташа салмаққа оралады

Бұл туралы sports.kz хабарлады.

«Головкиннің орташа салмақта өзінің кездесулерін жалғастыратыны анық, бірақ кіші-Чавеспен өтетін кездесу - біз күткендердің ең ірісі. Ал осы кездесуді ұйымдастыру үшін біз өзіміздің тарапымыздан көптеген шарттарға келістік, солардың бірі салмаққа қатысты болды», - деп келтірді Леффлердің сөзін Boxing News 24.