Кіші Джордж Бушты алқа билер сотының мүшелігіне кіргізбеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың экс-президенті кіші Джордж Буш Далластағы сот үдерістерінің бірінде алқа билер сотының мүшелігіне кіргізілмеді, деп жазды Dallas News.
Судьяның сөзіне қарағанда, кіші Буш алқа билер сотының мүшелігіне 35 мүшенің 27-шісі болғандықтан өтпеген. Өйткені тек 23-ші мүшені таңдау керек болған.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, кіші Буш сот залында үш сағаттай отырған және ол келгендермен «Сәлем, мен жұмыс істеуге келдім» деп амандасқан.