Кіші Хулио Сезар Чавес: Альварес Головкинмен айқаспай, өз мойнына арқан ілді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Мексикалық боксшы кіші Хулио Сезар Чавес отандасы Сауль Альварес Головкинмен айқастан бас тартқаннан кейін жанкүйерлерінің біразын жоғалтқанын айтты, деп жазды Sports.kz.

Кіші  Хулио Сезар Чавес: Альварес Головкинмен айқаспай, өз мойнына арқан ілді

«Командам маған олар бізді жеңгісі келетінін айтты. Канелоның өз адамдары бар. Оның сөзі мен ісі сәйкес келмейді. Головкинмен жекпе-жекке шықпай, ақылға сыйымсыз мәлімдемелерімен-ақ (неге айқасқа шықпайтыны жайлы) ол өз мойнына арқан ілді. Қазір халықтың көбі мені жақтайды. Мен өтірік айтпаймын және мықтылармен ғана айқасқа шығамын», - деген Чавестің сөзін келтірді Boxingscene.com.