Кіші Кличко Поветкиннен басым түсті

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Мәскеуде украиндық боксшы Владимиром Кличко мен ресейлік Александр Поветкиннің арасындағы көптен күткен кездесу болып өтті, деп хабарлады vesti.kz. ВИДЕО.
None
None




Жанкүйерлерінің қолдауына сүйенген Поветкин бірінші секундтан-ақ шабуылға ұмтылды, бірақ украиндық боксшы бұған дайын болып шықты. Қарсыласының шабуылына тойтарыс бере отырып, өзі де алға ұмтылды. Бірінші раунд ринг иесінің аздаған басымдылығымен аяқталды. Келесі үш минутта Кличко өз басымдылығын айғақтай отырып, тіпті қарсыласын нокдаунға жіберіп үлгерді.

Ары қарай кездесудің кілті Кличконың қолында болды. Ол өзінің үйренші әдісі бойынша қарсыласын жақындатпай алыстан қимылдады. Жетінші раунд Поветкин үшін соңғы ранд болуы да ғажап емес еді, өйіткені ол бірнеше рет рингтің төсенішін құшыg, бірақ тез көтеріліп төбелесті жалғастырып отырды.

Кличконың айқын басымдылығымен өткен кездесуде Поветкин финалдық гонгқа жете алды. Төрешілер көп ойланбастан жеңісті украиндық боксшының пайдасына шешті. Сөйтіп кіші Кличко WBA жеке дара чемпионы, IBF мен WBO чемпионы деген атақтарын сақтап қалды.

Соңғы жаңалықтар