Кіші-Крис Юбэнк: Головкин, бағытымды саған түзедім, маған сенің белдіктерің қажет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы британдық кәсіпқой боксшы кіші-Крис Юбэнк Том Доранды жеңген соң бірден Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды, деп мәлімдеді Sports.kz.
«Геннадий Головкин, бағытымды саған қарай түзедім. Маған сенің белдіктерің қажет... Барлығы сені ешкім жеңе алмайтындай көреді, алайда бұл ой қате, оны мен дәлеледеймін», - деп мәлімдеді кіші-Юбэнк Fighthype.com сайтына берген сұхбатында.
Еске салсақ, боксшылардың промоутерлерінің мәлімдеуінше, олардың жекпе-жегі қыркүйекте өтуі тиіс.